Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда ауыр атлетикадан жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұханбетов сайланды.

Отырыс барысында жаттықтырушылар Кеңесінің басым көпшілік дауысымен Дәурен Бекмұханбетов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып сайланды.

«Ашығын айту керек, танымал спортшы Альберт Линдердің қайтыс болуы және одан кейінгі спортшылардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеулері мен өзге де оқиғалар түбегейлі шаралар қабылдауға себеп болды. Министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалар жұмыстан шеттетілді», -деп жазады ведомствоның ресми сайты.

Мәденитет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова отырыс барысында спорттағы әділетсіздік туралы өтініштердің көбейгенін, ол мәлімдемелердің анық-қанығын анықтаумен айналысатын спорт омбудсмені тағайындалғанын еске салды. Бұл қызметке Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков келген болатын.


Соңғы жаңалықтар