Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері: Арли Чонтейдің нәтижесіне көңілім толады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында алтыншы орынды қанағат тұтқан Арли Чонтейдің нәтижесіне байланысты түсініктеме берді, деп жазады sports.kz.
«Біз үздіктердің алтылығынан көрінуді көздеген едік. Және өз міндетімізді орындадық. Кілең чемпиондардың арасынан орын алу қиын болды, бірақ мен оның осы нәтижесіне ризамын, дегенмен ол көтерген келілерге ренжіп те отырмын. 150 келіні екі рет талпынғанымен бағындыра алмады. Жас спортшы ғой, қобалжыған болар. Бірақ алда тағы жұмыс істейміз. Серпе көтеруі жаман емес, ал жұлқа көтеруді жақсарту керек», - деп баяндады Алексей Ни.
Естеріңізге сала кетейік, Арли Чонтей серпе көтеруде төртінші орын алса (129 келі), жұлқа көтеруде тек 11-ші болды (145 келі). Ол екі жаттығуды есептегенде 274 келілік нәтижемен алтыншы орынды қанағат тұтты.
- Футбол: «Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
- Биыл Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады
- Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады - Аида Балаева
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
-
Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қадағалады
-
COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам