Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Айжамал Сансызбаева күміс медаль жеңіп алды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкенттегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні 87 келіден астам қыздар тұғырға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан өкілі Айсамал Сансызбаева әрбір жаттығуда және қоссайыста күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысына көтерілген.

24 шілде күні ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алған еді.

Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль алды. Ол қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды.

Сондай-ақ, ол бұдан бұрын 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлдеге қол созды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі), Әлішер Байбуров (67 келі), Денис Полубояринов (81 келі) алтын медаль алды.

Сондай-ақ Надежда Ли (64 келі), Аружан Дәулетова (71 келі), Алексей Чуркин (73 келі) күміс медальға қол жеткізді.

Ал Ерасыл Омаров (55 келі), Азамат Төлеген (61 келі), Егор Шерер (81 келі) қола жүлдегер атанды.

Құрлықтық додаға ұлдардан - 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды.

Азия чемпионаты кеше мәресіне жетті.

www.instagram.com/wf_rk


Соңғы жаңалықтар