Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Зүлфия Чиншанло жүлдесіз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Зүлфия Чиншанло жүлделі орынға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жұлқа көтеруде 84 келіні бағындырса, серпе көтеруде 110 келі салмақты еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 194 ұпаймен төртінші орында тұрақтады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Сарықұрлық» додасында Арли Чонтей қола жүлдеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 18-28 сәуір аралығында өтеді. Құрлықтық дода 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнир саналады.

Аталмыш жарыста еліміздің атынан 18 ауыр атлет сынға түсіп жатыр. Олардың қатарында ерлерден Арли Чонтейден өзге Фархад Харки (67 келі), Нұрлыбек Саменов (81 келі), Денис Уланов (81 келі), Нижат Рахимов (89 келі), Рүстем Сыбай (96 келі), Илья Ильин (96 келі), Александр Зайчиков (109 келі), Ибрагим Берсанов (109 келі), Селимхан Абубакаров (109 келіден жоғары) бар. Ал қыздарда Зульфия Чиншанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі), Екатерина Столяренко (71 келі), Жазира Жаппарқұл (71 келі), Екатерина Быкова (76 келі), Раушан Мешітханова (81 келі), Лариса Кобелева (81 келі), Айзада Муптилда (87 келіден жоғары) жарыс жолына шығады.

Бүгін 81 келідегі Денис Уланов пен Нұрлыбек Сәменов жарыс алаңына шығады.

Соңғы жаңалықтар