Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Нұр-Сұлтаннан Ташкентке ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Азия чемпионатын Нұр-Сұлтаннан Ташкентке (Өзбекстан) ауыстырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында 17 ақпан күні ресми ақпарат шықты.

«Коронавирустың өршуіне қатысты Қазақстан Республикасының үкіметі аурудың таралу қаупіне байланысты Қытайдың көрші және көршілес елдерінен жолаушылар қозғалысының барлық түрлерін шектеді. Азия ауыр атлетика федерациясының (AWF) атқарушы кеңесі жағдайды шұғыл түрде талқылап, құрлықтық біріншілік өтетін жерді Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстыруға келісті», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетерлігі, Азия чемпионаты енді 16-25 сәуір күндері Ташкент қаласында өтеді.


Соңғы жаңалықтар