Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық «қола» алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Чуркин «қола» жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Федерацияға сілтеме жасап.

Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, 73 кг дейінгі салмақтағы спортшылар арасында жарысқа түскен Алексей Чуркин 323 кг нәтижені (153 кг жұлқа көтеру және 190 кг — серпе көтеру) көрсетті.

Аталған салмақта индонезиялық спортшылар Рахмат Абдулла — 352 (152+200) мен Ризки Джуниансьяху — 347 (155+192) бірінші және екінші орынды бөлісті.

Айта кетсек, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Колумбия астанасы - Богота қаласында өтіп жатыр.

Дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар