Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясынан мәлім еткеніндей, Ерасыл Омаров 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Ерасыл қоссайыс қорытындысында 224 килограмм (100+124) жинады.

Бұл салмақта үндістандық Гурунаиду Санапатхи (104+126) әлем чемпионы атанса, Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджит (105+124) күміс медальды олжалады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның ауыр атлетикадан алғашқы медалін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Александра Беленко 40 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке іліккен еді.



Соңғы жаңалықтар