USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір «алтын» түсті

2021 жылғы 12 қазан 22:52
Бөлісіңіз:
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір «алтын» түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісулық ару ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екінші алтын жүлдені салды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік көлік апатынан бір адам мерт болды

Сауд Арабиясындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Руфина Чалкарова екінші «алтынды» жеңіп алды. Бойжеткен Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы спорт-интернатында 10-сыныпта оқиды.

Спортшы 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік атанды. Қоссайыс есебінде ол 247 (107+140) килограмм көтерді. Екінші орын Бразилиядан келген Тиана Жустиноға бұйырды-219 келі. Қола медальді Фатмагуль Чевик (Түркия) жеңіп алды - 203 келі.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші орынды 102 келіге дейінгі салмақта Рахат Бекболат иеленген еді.

Руфина жасөспірімдер арасында ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

«Өз жеңісімді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Әрине, қиын болды, бірақ мен соңына дейін шыдадым. Мұның артында үлкен еңбек тұр. Күнделікті жаттығулар, жаттықтырушының спорттық рухты қалыптастыруы, жерлестердің қолдауы жеңіс туын желбіретуге жігер берді», - деп атап өтті Руфина Чалкарова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT