Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Дарья Ахмерова алтын еншіледі

None
None
СУВА. ҚазАқпарат - Дарья Ахмерова ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бүгін Сува қаласында (Фиджи) өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының соңғы өкілі Дарья Ахмерова 236 келіні еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл - 20 жастағы Дарьяның алғашқы халықаралық жарысы. Бұдан бөлек, Дарья жұлқи көтеруден «кіші» алтын медальді және серпе көтеруден «кіші» алтын медальды иеленді.

Кеше Карина Құзғанбаева алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, Карина да «кіші» алтын медальді жұлқи көтеруден және тағы біреуін серпе көтеруден иеленді.

Бұның алдында Артем Антропов Қазақстан құрамасының қоржынын бір күміс медальмен толықтырған болатын.



Фото: prosports.kz

Соңғы жаңалықтар