Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орында тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия астанасы Богота қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алексей Чуркиннің «қола» жүлдесінен медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы тоғызыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, ел құрамасынан Алексей Чуркин 73 келі салмақта үшінші орын алды. Ол қоссайыстың нәтижесінде 323 келіні бағындырды (153 келі - жұлқа көтеру, және 190 келі - серпе көтеру).

Бұл ел құрамасының медальдар кестесінде тоғызыншы орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Медальдар кестесінде 5 медальмен (2 алтын, 1 күміс, 2 қола) Қытай құрамасы көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда 4 медальмен Колумбия мен Таиланд (2-1-1) келеді. Ал төртінші-бесінші орындардағы Индонезияның 3 (1-2-0) Филиппиннің 1 (1-0-0) медалі болса, бір-бірден күміс алған Тайвань, Үндістан, Вьетнамны 6-8 орындарды өзара бөлісіп тұр.

Бір қола медальды қанағат тұтқан Канада, Мексика, Оңтүстік Корея Қазақстанмен бірге 9-12 орындарда келеді.

Еске салсақ, еліміздің атынан әлем чемпионатына 13 спортшы аттанды.

Әзірге олардың арасынан Арли Чонтей (55 келі) төртінші орынды місе тұтса, Анатолий Савельев (67 келі) сегізінші орын алды.

Енді ел құрамасынан 12 желтоқсанда Асылжан Бектай мен Денис Уланов (89 келі) бақ сынайды.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар