Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінің алауы тұтанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған біріншілікте әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан 55 келі салмақта Зүлфия Чиншанло мен 71 келі салмақта Екатерина Быкова ел намысын қорғайды.

Ал ерлер арасында сегіз зілтемірші бақ сынайды. Атап айтар болсақ, 55 келі салмақ дәрежесінде Арли Чонтей мен Игорь Сон, 81 келі салмақта да екі бірдей атлетіміз сынға түседі. Олар - Нижат Рахымов пен Айдар Қазов.

Ал 89 келі салмақ дәрежесінде Денис Улановқа үміт артылса, 96 келі салмақта Илья Ильинге сенім артамыз. 109 келі салмақта Ибрагим Берсанов ел намысын қорғамақ.

Айта кетейік, Паттайядағы әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің санатына жатады.

27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.



Соңғы жаңалықтар