Ауыр атлетикадан ӘЧ: Жерлестерімізге жанкүйер болайық

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан ӘЧ-да ең көп спортшы Қазақстан атынан шығады. Ел намысын негізгі құрамда 15 спортшы, резервте 4 спортшы қорғайтын болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап өту керек, бұл ерлер арасындағы 81-ші, әйелдер арасындағы 24-ші әлем чемпионаты.

Әйелдер арасындағы алғашқы чемпионат 1987 жылы, ерлер арасында 1891 жылы өткізілген болатын.

1998 жылдан бері ерлер 8 салмақ категориясында, әйелдер 7 салмақ категориясында бақ сынап келеді. Жүлде қоры - 135 медаль.

2013 жылы Польшаның Вроцлав қаласында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 6 орынды иеленіп, 1 күміс (Алмас Утешов, 94 кг) мен 1 алтын (Владимир Седов, 94 кг) медальдарды иеленді. 2009 жылы Коян қаласында (Корея) өткен әлем чемпионатында Қазақстан ең көп алтынды жеңіп алды: тоғыз алтын, бір күміс және үш қола медальдар.

Жалпы алғанда, Қазақстан Әлем чемпионаттарында 52 медальді, оның ішінде 24 алтын, 13 күміс пен 15 қола медальдарды жеңіп алған.

2012 жылы Лондонда (Ұлыбритания) өткен олимпиадада қазақстандық зілтеміршілер 15 мүмкіндіктің ішінен 4 алтынды қанжығаларына байлады. Елімізге алтын медальдарды Зульфия Чиншанло (53 кг), Майя Манеза (63 кг), Светлана Подобедова (75 кг) және Илья Ильин (94 кг) әкелді. Айта кетейік, Әлем жарысына 72 елден 538 ауыр атлетшілер, оның ішінде 223 әйел және 315 ер адам қатыспақшы. Жарыс 16 қарашаға дейін созылмақшы. Спортшылар төрт топта: A, B, C, D жарысқа түседі. Чемпионаттың ерекшелігі 2016 жылы өтетін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына арналған лицензиялық мәртебесі. Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Спорттық жекпе жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының, сонымен бірге демеушілердің қолдауымен өткізіліп жатыр. Бұдан басқа, Алматы қаласының 260 жас тұрғындары еріктілер ретінде қатысады. Қазақстандық спортшылардың өнерін бүгін 9 қарашада көруге болады. Сағат 16.00-да Маргарита Елисеева ортаға шығады. Таяуда ғана ол Азия ойындарында айды аспанға шығарып, алтыннан алқа тағынған. Жерлесіміз 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. 10 қарашада (16.00) Зүлфия Чиншанло бақ сынасады. Бұған дейін ол Лондон Олимпиадасының жеңімпазы және екі дүркін әлем чемпионы атанған. Осы күні (19.00) жастар арасындағы әлем чемпионы, 69 келі салмақтағы Альберт Линдер де өнер көрсетеді. 11 қарашада (16.00) 58 келі салмақтағы Сәуле Сәдуақасоваға сенім артамыз. Сәуле «В» тобында сынға түседі. 12 қарашада (19.00) Кирилл Павлов күш сынасады. 77 келі салмақтағы жерлесіміз 2010 жылы Азия ойындарында және екі рет Азия чемпионатында жүлдегерлер санатына қосылған болатын. 2012 жылы Кирилл Лондонда алауы тұтанған Олимпиада ойындарына қатысты. 13 қарашада үш бірдей жерлесіміз жарыс жолына шығады. Олар - 69 келілік Гүлназ Наурызова (13.00) және 63 келілік Карина Горичева мен Майя Манеза (16.00). «В» тобындағы Гүлназ үшін басты мақсат - алғашқы ондықтың санатына қосылу болса, қалған екеуі жеңіс тұғырына көтерілу үшін барын салады. 14 қарашада (16.00) алдымен 69 келі салмақтағы Жазира Жаппарқұлға жанкүйер боламыз. Сонымен қатар, осы күні кешкісін (19.00) 94 келі салмақтағы Владимир Седов пен Рүстем Сыбай жарыс көрігін қыздырады. Седов - 2009 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сыбай - Дүниежүзілік жасөс¬пірімдер ойындарының қола жүлдегері. 15 қарашада (19.00) Илья Ильин сынға шығады. Екі дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы, үш дүркін әлем чемпионы атанған Қазақ-станның даңқты спортшысы 105 келі салмақ дәрежесінде де дара шығады деп үміттенеміз. Ал Илья Ильиннің алдында (11.00) 105 келі сал-мақтағы Жасұлан Қыдырбаев «В» тобында сайысқа түседі. Одан кейін (16.00) 75 келі салмақтағы Светлана Подобедова мен Анна Нұрмұхамбетова шеберлік байқасады деп күтілген болатын. Өкінішке қарай, Подобедова жарақат алуына байланысты жарысқа шықпайтын болды. Бұл салмақта Нұрмұхамбетова ғана өнер көрсетеді. Ол жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері және Лондон Олимпиадасында үздік бестіктің санатына кірген спортшы.

Соңғы жаңалықтар