Ауыр атлетикадан ӘЧ: Олимпиада чемпионы, зілтемірші Зүлфия Чиншанло жұлқа көтеруде 98 келіні бағындырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 53 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетіп жатқан Зүлфия Чиншанло жұлқа көтеруде екінші мүмкіндіктен 98 келіні бағындырды. Алғашқы сайыс бойынша әзірге ол екінші орында тұр.

Жұлқа көтеру сайысынан тайпейлік спортшы Сю Шу Чин 98 келі нәтижемен көш бастап тұр. Үшінші орында қытайлық Ли Я Джин (96 келі).

Санаулы минуттан соң Зульфияның серпе көтеруден өнерін тамашалайтын боламыз. Әзірге бапкерлер оған серпе көтеруде 121 келіні тағайындап отыр.

Бұған дейін кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.

Соңғы жаңалықтар