Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан медальдар саны бойынша 1-орын алды

None
Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылар Албанияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сай, чемпионатта мына спортшылар жүлде иеленді:

Никита Абдрахманов:

- жұлқа көтеруде 1-орын (164 кг көтерді);

- серпе көтеруде 1-орын (205 кг көтерді);

- жалпы есеп бойынша 1-орын (369 кг).

Нұрдос Сабыр:

- жұлқа көтеруде 1-орын (145 кг көтерді);

- серпе көтеруде 2-орын (176 кг көтерді);

- жалпы есеп бойынша 2-орын (321 кг).

Таисия Алексеева:

- жұлқа көтеруде 2-орын (89 кг көтерді);

- серпе көтеруде 2-орын (112 кг көтерді);

- жалпы есеп бойынша 2-орын (201 кг).

Ерасыл Сәулебеков:

- жұлқа көтеруде 1-орын (137 кг көтерді);

- серпе көтеруде 1-орын (168 кг көтерді);

- жалпы есеп бойынша 1-орын (305 кг).

Дарья Балабанюк:

- жұлқа көтеруде 3-орын (78 кг көтерді);

- серпе көтеруде 6-орын (97 кг көтерді);

- жалпы есеп бойынша 4-орын (175 кг).

Нұрасыл Арапбай:

- жұлқа көтеруде 3-орын (120 кг көтерді);

- серпе көтеруде 5-орын (146 кг көтерді);

- жалпы есеп бойынша 4-орын (266 кг).

Осылайша, ел спортшылары жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 7 «алтын», 5 «күміс», 2 «қола» жеңіп алып, жалпы медаль саны бойынша 1-орынға шықты. Ал сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлдар құрамасы командалық есепте 3-орын иеленсе, қыздар 5-орынға тұрақтады.

Тоқтала кетейік, ауыр атлетикадан əлем чемпионатында жүлде əр бағдарлама бойынша беріледі. Атап айтқанда, спортшыға жұлқа, серпе көтеру және жалпы есеп бойынша 3 медаль ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар