Ауыр атлетикадан ӘЧ: Гүлназ Наурызоваға жанкүйер болайық!

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 қараша таңғы сағат 10:00-да 63 келі салмақ санаты бойынша әйелдер арасында «C» тобында қазақстандық Гүлназ Наурызова жарыс алаңына шығады.

Сондай-ақ, түскі 12:00-де аталған салмақ бойынша «В» тобында әлемнің кіл мықты зілтемірші қыздары сынға түседі.

85 келі салмақ санатында ерлер арасындағы дода түскі сағат 14:00-де «Д» тобында, 16:00-да 85 келі салмақ бойынша «С» тобында басталады.

Кешкі 19:00-де 77 келі салмақ санатында «А» тобында қазақстандық Павлов Кирилл бағын сынайды.

21:00-де 85 келі салмақ категориясы бойынша «В» тобының спортшылары кіл үздікті анықтайды.

Дүбірлі доданың төрт күні қазақстандық спортшылар үшін нәтижесіз болған жоқ.

Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло әлем чемпионы аталып, өзінің серпе көтерудегі рекордын жаңартқан болатын. Ал ерлер арасында өнер көрсеткен 18 жасар Альберт Линдер 10-шы орынға тұрақтады.

Бұған дейін кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.

Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде 72 елден 538 спортшы бақтарын сынауда. Оның 315-і ерлер болса, 223-і әйелдер. Әйелдер жеті салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер сегіз салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар