Ауыр атлетикадан ӘЧ: Әйелдер арасындағы алғашқы алтынды қытайлық спортшы иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ауыр Атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ категориясында әйелдер арасындағы сайыс аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл салмақ бойынша, қытайлық спортшы Тянь Яюнь жұлқа көтеруде 85 келіні, серпе көтеруде 109 келіні (барлығы 194 келі) бағындырып, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды, жұлқа көтеруден екі жаттығуды сәтті орындап, 189 келіні бағындырған Сибель Озкан иеленді. Таиландтық спортшы Панида Хамсри бірінші тапсырмада 81 келіні, екіншіде 108 келіні көтеріп, қоссайыстың нәтижесі бойынша қола жүлдені иеленді.

Ал, осы салмақта Қазақстанның атынан шыққан Маргарита Елисеева жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де пайдалана алмады. Сайыстың ережесіне сәйкес, спортшы келесі сайысқа жіберілмеді.

Соңғы жаңалықтар