+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ауыр атлетика: Зульфия Чиншанло Олимпиада жолдамасын еншіледі

2021 жылғы 12 маусым 15:24
Бөлісіңіз:
Ауыр атлетика: Зульфия Чиншанло Олимпиада жолдамасын еншіледі

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада: Қазақстандық спортшылардың 4 тамыздағы жарыс кестесі Ришат Хайбуллин Токио Олимпиадасының финалына өте алмады Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында

Қазақстан құрамасынан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зульфия Чиншанло, ал ерлер арасында 61 келіге дейінгі салмақта Игорь Сон ел намысын осы жаздың басты бәсекесінде қорғайды.

Іріктеу кезеңінде 3628,3941 ұпай жинаған Зульфия Чиншанло әлемдік рейтингтің төртінші сатысында тұр. Игорь Сон 3015.0319 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан. Қазақстандық ауыр атлет Токио Олимпиадасына құрлықтық квота бойынша жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық федерацияның шешімі бойынша 2008-2020 жылдар аралығында допингке қарсы ережелерді 20-дан астам бұзған елдер Токио Олимпиадасына екі спортшыдан ғана (бір әйел және бір ер) жібере алады. Бүгінде Қазақстан қоржынында Олимпиада ойындарына спорттың 26 түрінен 69 лицензия бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT