USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ауыр атлетика: Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды

2021 жылғы 11 қазан 23:26
Бөлісіңіз:
Ауыр атлетика: Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қысқы Олимпиада: Қазақстанда спорттың 8 түрінен 82 жолдама бар Еуропа чемпионатының мұз айдынында Димаштың орындауындағы ән қойылды Мейірім Нұрсұлтановтың ең үлкен жекпе-жегінің датасы ауысты

Дүбірлі дода Сауд Арабиясының Джидда қаласында 3 және 12 қазан аралығында өткізілуде. Қазақстандық ауыр атлет 102 келі салмақта сынға түсті.

Қоссайыстың қорытындысында Рахат 355 келіні бағындырды. (155+200) Одан кейінгі орындарға түркиялық Танер Чаглар (152+185) мен ирактық Аммар Рубайави Али (149+185 қол жеткізді.

Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі.

Айта кетейік, ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын. Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT