Ауыр атлет Уланов Универсиада-2017 ойындарында үшінші алтынды иеленді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Уланов Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада-2017 ойындарында ауыр атлетика сайысында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлады Sports.kz .

Қоссайыс нәтижесі бойынша Денис армяндық Андраник Карапетян мен оңтүстік кореялық Чжан Юн Хакты басып озды.

Жазғы Универсиада-2017. Қытайлық Тайбэй. Ауыр атлетика. Ерлер. 85 кг дейінгі салмақ дәрежесі.

1. Денис Уланов (Қазақстан) - 365 (165+200)

2. Андраник Карапетян (Армения) - 364 (170+194)

3. Чжан Юн Хак (Оңтүстік Корея) - 354 (163+191).

Соңғы жаңалықтар