Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткендей, Ерасыл 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 281 келіні (123+158) бағындырды.

Түркиялық Алааддин Саин 278 келімен (121+157) екінші, поляк Бартош Бурски 269 келімен (116+153) үшінші орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден қола медальға қол жеткізді. Дегенмен ол қоссайыс қорытындысында 152 келімен (69+83) төртінші орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар