Ауылшаруашылық мамандары үшін мобильдік қосымша жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ауылшаруашылық мамандары үшін мобильдік қосымша жасап шығармақ. Бұл туралы Астанада «Техникалық қайта жарақтандыру - АӨК дамытудың негізі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында «Қазагроның» Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айгүл Мұхамадиева ауыл шаруашылығы саласында несие, лизинг немесе кепілдікті онлайн түрде kazagro.kz порталынан қалай алуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берген болатын.

«Бұл жүйе (kazagro.kz порталы арқылы несиеге, лизингке өтінім беру - авт.) қазіргі таңда жұмыс істеп тұр. Яғни, порталға кіріп қазірдің өзінде өтінім бере беруге болады. Бірақ, фермерлер үшін құжат жинау деген өте үлкен мәселе бар. Біз қазіргі уақытта осы жүйені egov.kz  секілді мемлекеттік жүйелермен интеграциялауды көздеп отырмыз. Яғни, бүгінгі таңда елімізде автоматтандырылған барлық құжаттар туралы мәліметті автоматты түрде алуға күш салдық. Бұл қадам - фермерлердің әртүрлі инстанцияларға барып, құжат жинау машақатынан құтылуға жол ашады. Яғни, жүйе барлық құжатты өзі-ақ жинап алады», - дейді Айгүл Мұхамадиева.
null 

Холдинг өкілінің айтуынша, бүгінгі күні несие мен лизингті беріп отырған  жеке қаржылық институттар, несиелік серіктестіктер, микроқаржылық ұйымдар мен екінші деңгейлі банктер осы жүйеге қосылатын болады. Онымен қоса, шаруалар үшін мобильдік қосымша әзірленбек.

«Әлбетте, өте ыңғайлы болу үшін бәріміз смартфондарды қолданып жүргендіктен, аталған жүйені мобильдік қосымша етіп шығаруды қолға алдық. Ол жуық арада іске қосылады», - деді ол.
null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар