Ауылға баратын жас маманға тұрғын үй салу үшін жеңілдетілген бюджеттік несие беріледі - БҚО

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Ауылға баратын жас маманға тұрғын үй салу үшін жеңілдетілген бюджеттік несие беріледі.

Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жос­парлау басқармасының бөлім бастығы Раиса Ерке­ғалиева Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өткен аймақтық форумда мәлім етті.

Аталған оқу орнының ұйыт­­қы болуымен «Ауылдық жер­лерге мамандар даярлау және түлектерді жұмысқа орналас­тырудың өзекті мәселелері» атты  аймақтық форумға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, басқарма өкіл­дері,  жергілікті және Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының аудан әкімдері, агроқұрылым басшылары мен студенттер қатысты.

Жиында ауыл-аймаққа бет бұрған түлектерді жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы са­ласы мамандарының  бі­лім-бі­лік­тілігін арттыру мәселелері тал­қыланып, қарар қабыл­дан­ды.

Раиса Еркеғалиеваның  сө­­зіне қарағанда, биыл әлеуметтік салаға қоса мал дәрігері мамандары да мемлекеттік көмекке қол жеткізеді. Шарада белгілі болғанындай, баспана сатып алу үшін берілетін жеңілдетілген бюджеттік несиеге енді тұрғын үй салуға да болады.

«Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылдан бері облыста 1719 жас маман ауылға барып, 372-сі бюджеттік несие арқылы баспаналы болған.

Форумнан кейін бос жұмыс орын­дарының жәрмеңкесі ұйым­дастырылып, агроқұрылым бас­шылары мен аудан әкімдері бо­лашақ ауыл шаруашылығы мамандарымен пікірлесіп, мемле­­кет­тік бағдарламаның тиім­ді­лігін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар