Ауылдың әлеуетін анықтаудың жаңа әдістері әзірленді – Жеңіс Қасымбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдардың әлеуетін анықтаудың жаңа әдістері әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында халықаралық сарапшылармен бірігіп және өңірлермен бірге ауылдардың әлеуетін анықтаудың жаңа әдістерін әзірледік. Нәтижесінде даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді. Бұл ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85 пайызы тұрады. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға 2020-2022 жылдары қосымша 90 млрд теңге бөлінеді», - деді Жеңіс Қасымбек бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.

Жеңіс Қасымбек ел Президенті жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету міндетін қойғанын айтты. Бұл орайда тиімсіз жер пайдаланушылардан жерлері қайтарып алу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін орталық, облыстық, аудандық бақылаудың бірыңғай вертикалі құрылады.

«2021 жылға қарай суармалы жерлердің ауданы 2,1 млн гектарды құрайды. Бұл ретте оның көлемі 2 есе артып, 1,8 трлн теңгеден асады. Президенттің тапсырмасына сәйкес 2030 жылға қарай суармалы жерлер ауданы 3 млн гектарға дейін жетеді. Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында нақты өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді вице-премьер.





Соңғы жаңалықтар