Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Ауылдық жерлерді сумен жабдықтауда артта қалған өңірлер аталды

2019 жылғы 24 сәуір 17:06 546
Бөлісіңіз:
Ауылдық жерлерді сумен жабдықтауда артта қалған өңірлер аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде ауылдық жерлерді сумен жабдықтауда ең төменгі көрсеткіштер Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдени-көпшілік шараларды жеке күзет қызметі қадағалайтын болады - ІІМ өкілі Қазақстанда 24 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

«Біздің министрліктің басты міндеттерінің бірі - халықты сапалы ауыз сумен және су жүйелерімен қамтамасыз ету. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында былтыр ауылды жерлерді сумен жабдықтауға 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен ауыл ішіндегі жүйелерге - 69,6 млрд теңге бөлініп отыр», - деді Мархабат Жайымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуына қарағанда, 2018 жылы елдегі 6 499 ауылдың 3 892-і (барлық ауылдың 59,9 пайызы) сумен жабдықталған. Қазіргі уақытта ауыл халқының 84,4 пайызы немесе 6,5 млн адам орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізіп отыр.

«Қалалық жерлерде 10 млн адам (қала халқының 94,5 пайызы) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Жалпы Қазақстан халқының 90,2 пайызы немесе 16,5 млн адам орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген. Жобаларды іске асырудың оң әсеріне және республика бойынша көрсеткіштердің артуына қарамастан жекелеген өңірлерде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша теңсіздік байқалуда. Ауылдық жерлерді сумен жабдықтау бойынша рейтингте ең төменгі көрсеткіш Павлодар (29,7 пайыз), Қостанай (31,4 пайыз), Батыс Қазақстан (46 пайыз) облыстарына тиесілі», - деп атап өтті Мархабат Жайымбетов.

Оның айтуынша, қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (86,6 пайыз) және Ақмола (86 пайыз) облыстарының еншісінде.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT