Ауылдық жерлерде шағын несие беруге 45,3 млрд теңге бөлінген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы шағын несие бағдарламасы бойынша ауылды жерлерде кредит беруге 45,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы Мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастама аясында шағын несие бағдарламасын кеңейту үшін қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтіліп, жалпы қаражат көлемі 62,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде ауылды жерлерде кредит беруге 45,3 млрд. теңге, қалаларда 17,3 млрд. теңге жұмсалатын болады.

Жалпы 2018 жылы 14 мыңнан астам адам микрокредитпен қамтылады деп жоспарлануда (ауылда  - 11 мың, қалаларда - 3 мың). Есептік кезеңге 8 492 микрокредит берілді, оның ішінде ауылдарда - 7 544, қалаларда - 948 микрокредит.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылы бизнесті жүргізуге 30 мың ауыл, шағын және моноқалалардың тұрғындарын оқыту жоспарланған. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 21,6 мың адам немесе жоспардың 72%-ы  кәсіпкерлік негіздерін оқыды. 

Соңғы жаңалықтар