Ауылдық мектептер 250 млн теңге болатын жабдықпен қамтылуда

None
Білім беруді тұрақты дамыту қоры ауылдағы білім берудің сапасын арттыру мақсатында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасын іске асыруда. Жобаға «Қазақстан Халқына» қоры, «Назарбаев Зияткерлік мектебі», ауылшаруашылық саласындағы ең ірі инновациялық холдинг – АITAS Холдингі, Beeline Қазақстан компаниясы қолдау көрсетуде.

Жуырда ғана Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы №2 орта мектеп-интернаты мен Түркістан облысы Шәуілдір ауылындағы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында мектептердің таныстырылымы өткізілді.

Петропавл қаласынан 340 км шалғай жатқан Кішкенекөл ауылындағы білім ордасында 71 мұғалім қазақ, орыс тілдерінде сабақ береді. 900 балаға шақталған мектепте бүгінде 516 оқушы білім алып жатыр. Ал Шәуілдір ауылы қазір 500-ге жуық бала оқиды. Оларға 130 мұғалім сабақ береді.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры қолға алған жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептерді қажет материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы ретте Білім беруді тұрақты дамыту қоры мен жоба серіктесі – «Назарбаев зияткерлік мектептері» мамандары аталған мектептердегі білім беру сапасы мен ортасына қатысты талдау жүргізді. Аталған талдау нәтижесі негізінде білім ордасын тірек мектеп ретінде дамыту бойынша ұсыныстар беріліп, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін қажет курстар белгілеп, жоспар жасады.

Бүгінгі күні Кішкенекөл мектебіндегі 34 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары толықтай жабдықталады. Шәуілдірдегі мектепке жалпы құны 250 млн теңгені құрайтын жабдық әкелінген.

«Біздің қор тірек мектептерді дамытумен айналысады. Жоба қазір Қазақстанның 17 облысын қамтиды, онда 13 000-ға жуық бала оқып, 2 000-ға жуық мұғалім жұмыс істейді», – дейді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев. Жоба аясында әр мектептердегі оқу кабинеттері, акт, спорт залдары жасақталып, STEM лаборатория, телестудия ашылды.

Атап өту керек, әрбір мектеп таныстырылымы «Ашық есік күндері» форматында өтуде. Оған мемлекеттік орган қызметкерлері, белсенді азаматтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоба демеушілері мен серіктестері қатысуда.


Соңғы жаңалықтар