«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жолдауын іске асыру аясында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осындай мәлімет берді.

«Денсаулық сақтау саласында еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұдан басқа, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы кешенді жақсарту шаралары жасалады «, – деді министр.

Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау және білім салаларында жаңа ұлттық жобалар дайындалып жатқанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар