Ауылды қайтсе дамытуға болады: Ел жастары пікірсайыс өткізді

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ауылды елді мекендерді дамытудың тиімді механизмі қандай? Қазақ әдебиетінде қай шығарма әлемдік бестселлер болуға лайық? Сұранысы аз мамандықтарға грант бөлудің қажеті бар ма? Осы сұрақтарға өткен демалыс күндері Алматы облысы, С. Демирел атындағы университетте өткен пікірсайыс турнирінің қатысушылары жауап іздеді. Бұл туралы «Жас отан» жастар қанатының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Жылда өтетін «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған Республикалық пікірсайыс турниріне еліміздің барлық өңірінен 20 команда, барлығы 50 адам қатысты. Нәтижесінде, қазақ лигасында Шымкент қаласынан келген топ, ал орыс лигасында Ақмола облысының жастары жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар екі лигада да 2-орынды Алматы каласы, 3-орынды Жамбыл облысының пікірсайысшылары иеленді.

Айта кетейік аталмыш республикалық пікірсайыс турнирі партияның «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар