Ауылдастары мүгедектің отбасына үй салып берді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылы тұрғындары бірінші топтағы мүгедек Бөкенби Ермекбаевтың отбасына асар жасап, үй салып берді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдастары жұмылып, алдымен үш мың тас соқты, басқа да керек-жарақты сайлады. Үш айда үш бөлмелі сыңғырлаған үй бой көтерді.

Жаңабұлақтағы осы қуанышқа орай аудан әкімінің орынбасары Бағдат Хайруллин арнайы келіп, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Б.Ермекбаев өмір бойы ұмытылмайтын жақсылық жасағаны үшін аудан, ауыл басшыларына, бүкіл ауылдасына шын жүректен ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар