Ауылдарға сапалы ауыз су тарту үшін 8 млрд теңге бөлінді - Қостанай облысы

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жақсарту бойынша жұмыстарға 8 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың айтуынша, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, өткен жылы елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру нысандарын қайта жаңартуға 9,3 млрд теңге жұмсалды. Осы жұмыстың нәтижесінде 60 мыңға жуық адам тұратын 12 ауылда сумен жабдықтау желілері жаңартылды.

«Осы жылы Қарасу ауданының Арқа, Науырзым ауданының Шолақсай және Амангелді ауданының Ағаштыкөл ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Бұл мақсаттарға ағымдағы жылы бюджеттен 8,2 млрд теңге қарастырылып отыр. Барлығы 25 жоба жүзеге асады. Жыл соңына дейін 11 ауылда сумен жабдықтау нысандары пайдалануға беріледі», - деді Е. Спанов.

2019 жылы Алтынсарин ауданының Докучаевка, Шоқай ауылдары, Жітіқара ауданының Забеловка, Сарыкөл ауданының Златоуст, Таран ауданының Новоильинов, Арқалық қаласының Восточное ауылына орталықтандырылған ауыз су беріледі.

2011-2016 жылдар аралығында іске асырылған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында облыста 75 жоба іске асырылды. Бұған бюджеттен 34 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 1,1 мың шақырым су желісі қолданысқа берілді.

Соңғы жаңалықтар