Ауылдарға арналған жылжымалы 100 медициналық пункт сатып алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылды елді мекендерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы 100 медициналық пункт сатып алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 аймақтағы аудандар үшін отандық өндірістен шыққан қосымша 51 бірдей рентген аппараты сатылып алынады. Жедел жәрдем қызметін 1 667 санитариялық автокөлікпен қамтамасыз ету көзделген. Ауылды елді мекендерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы 100 медициналық пункт сатып алынды. Олардың бәрі де осы жылдың қазан айының ортасына дейін жеткізіледі», - деді Алексей Цой.

Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынған болатын.



Соңғы жаңалықтар