+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Ауылдарды интернетпен толық қамту мерзімі нақтыланды

2020 жылғы 28 қаңтар 16:20
Бөлісіңіз:
Ауылдарды интернетпен толық қамту мерзімі нақтыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры Гүлнар Бөкеева алдағы жылдары ауылды жерлерді интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндікгімен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ауылдағы мектептер мен медпункттерге толықтай интернет жеткізуді тапсырды Саны бар, сапасы жоқ – Аймағамбетов мектептегі компьютерлер жайлы Асхат Аймағамбетов: Мектептерге интернет қосатын провайдердің тарифі өте қымбат

«Елімізде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу кезінде кең жолақты интернетке қолжетімдікті қамтамасыз ету маңызды екені белгілі. Қазіргі уақытта кең жолақты интернет барлық ірі қалаларда, облыс орталықтарында, сондай-ақ аудан орталықтары мен 3 324 ауылдық (халық саны 250 адамнан астам) елді мекенде қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде 16 миллионға жуық адамды кең жолақты интернетпен қамтуға мүмкіндік берді, яғни халықтың 90 пайызын құрады. Әрине, интернетпен қамтамасыз етуде ауылдық елді мекендерде қиындықтар бар. Осыны еңсеру мақсатында бізде екі жоба іске асырылуда», - деді Г. Бөкеева.

Бірінші жоба – талшықты-оптикалық байланыс технологиясы бойынша елді мекендерді кең жолақты интернетке қосу. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылуда. Үш жылда салынған талшықты-оптикалық желі 20 мың шақырымнан асады.

2019 жылы интернетке 494 ауылдық елді мекенде орналасқан 1 470 мемлекеттік орган мен бюжеттік ұйым қосылды. 2020 жылы 769 ауылдағы меморгандар мен бюджеттік ұйымдарды қамту жоспарланып отыр.

Г. Бөкееваның айтуынша, екінші жобада төртінші буындағы ұялы байланыс желілерін салып, ауылдарда басқа да технологияларды енгізуді қарастыруда. Бұл жоба 2020-2022 жылдар аралығында іске асырылады. Ол үшін қажетті радижиіліктер бөлінді.

Аталған жобаның нәтижесінде 880 ауылдық елді мекен қамтамасыз етіледі. Осындай ауылдарда 560 мыңға тарта адам тұрып жатыр. Осы арқылы интернетпен халықтың 93 пайызы қамтылады.

Ары қарай 2021-2022 жылдары 885 ауылға кең жолақты интернет тартылады. Бұл елді мекендерде 600 мыңға жуық адам бар.

«2022 жылдың соңына қарай кең жолақты интернетпен 5 мыңға жуық ауылды елді мекен қамтылады. Нәтижесінде, біз 18 миллионға жуық адамға немесе халықтың 97 пайызына интернет қолжетімді болады. Қалған үш пайызы спутниктік байланысты пайдаланудың техникалық мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі», - деді департамент басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT