Ауылдарды интернетке уақтылы қосу қажет - Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауылды интернетке қоспасақ, ел экономикасын цифрландыру саласындағы жалпы міндеттерді орындау мүмкін емес, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны керек, бұл мәселені талқылап жатқанымызға біраз уақыт болды. Дайындық жұмыстары аяқталды. Енді бәрімізге жұмылып, келесі жылда бастап кету керек. Негізі, осы уақытқа дейін барлық мәселелер пысықталды. Оған қоса, 13 қыркүйкте (цифрландыру бойынша республикалық кеңесте - авт.) Мемлекет басшысына толық ақпарат берілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жоба (ауылдарды кең жолақты интернетке қосу -авт.) маңызды бастама болып саналады. Сондықтан оны уақытында орындап шыққан маңызды», - деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, алдағы үш жылда 2 млн ауыл халқы сапалы интернетке қол жеткізеді .   Ал ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев кең жолақты интернеттің арқасында электронды күнделіктерді жаппай пайдаланады деп санайды . 

Соңғы жаңалықтар