Ауылдарды дамыту тұжырымдамасы: Елді мекен әкіміне қосымша құзырет беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауылдық округ әкімдеріне қосымша функциялар мен өкілеттіктер беру мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық талқыға шығарылған Ауылдарды дамытудың 5 жылдық тұжырымдамасында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысы қайта қаралатыны жазылған.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейту шеңберінде бюджеттің IV деңгейіне салық пен төлемнің қосымша түрлері (су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия пайдаланғаны үшін төлемақы (алкоголь өнімін сақтау және өткізу бойынша) беріледі. Бұдан басқа, ауылдық округ әкімдеріне қосымша функциялар мен өкілеттіктер беру мәселесі қаралады», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған 5 жылдық тұжырымдамада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тұжырымдамаға сай, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөлдің мәртебесін қалпына келтіру ісі қолға алынады.

Сонымен бірге шекара маңындағы климаты қатал ауыл тұрғындарының 1 жылдық еңбек өтілі 1,5 жыл болып есептелмек.


Соңғы жаңалықтар