Ауылдардағы дәрігер тапшылығын шешуге болады – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда ауылдардағы дәрігер тапшылығын шешуге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту үшін дәрігерлердің жалақысын, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасады. Биыл 11 мыңнан астам маманды, оның ішінде 35-ін шет елде оқыту жоспарланған», - деді ол.

Министрдің айтуынша, биыл еліміздің медициналық жоғары оқу оргындарын 5 мыңнан астам түлек бітіріп шығады. Олардың шамамен 3 мыңы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жұмысқа жіберіледі.

«Бұл ретте алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 2 540, оның ішінде ауылдық жерлерде 848 маманды құрайды. Әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кадрларды жергілік жерлерге бекітіп, кадр тапшылығы мәселесін шешуге болады», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар