Ауылдарда 315 жаңа мектеп салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдарда 315 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім берудің сапасын және қол жетімділігін арттыру аясында ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Барлық ауыл мектептері білікті педагогтармен қамтылатын болады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылады», - деді Әсет Ерғалиев.

Оның атап өтуінше, ауылдарда спортпен айналысу және шығармашылық үйірмелерін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 748 мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады. Денсаулық сақтау саласында 1 095 нысан салу және жаңғырту ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Барлық іс-шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, табысын арттыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпіліс береді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар