Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі мемлекет мүддесі тұрғысынан қабылдануы қажет - Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Туған елге жанашырлық әр азаматқа тән қасиет болуға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халықтық коалицияның форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы. Бабаларымыз ұрпағына ұлан-ғайыр жерді мирас етті. Біз оның бір уыс топырағына дейін қастерлеп, атамекенімізді қорғай білуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.

Президент мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық екенін баса айтты.

«Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы қажет. Бір сөзбен айтсақ, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы керек. Мемлекет мүддесі дегеніміз – халықтың мүддесі. Сондықтан, барлық шешімдер, жобалар, заңдар мен жарғылар ел мүддесін қорғауға арналады. Туған елге жанашырлық әр азаматқа тән қасиет болуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар