Ауылдағы сапалы интернет: Сенатор байланыс операторларын міндетті төлемдерден босатуды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депуаттары ел өңірлерін сапалы интернет байланысымен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек бүнін палатада Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі қаралған болатын. Депутаттардың пікірінше, ауылдағы интернет мәселесін ұялы байланыс операторлары үшін преференциялар есебінен шешуге болады.

«Сенаторлар байланыс операторлары радиожелілерді қолданғаны үшін төлейтін төлемнің жылдық мөлшерлемесін 90 пайызға төмендетуді ұсынып отыр. Мұндай жеңілдікті алу үшін байланыс операторлары осыдан үнемделген қаражатты бірінші кезекте ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге жұмсау керек. Бұл – Мемлекет басшысының аумақтарды теңгерімді дамыту тапсырмасымен байланысты міндет», - деді отырыста Сенат спикері Мәулен Әшімбаев

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді қарастыра отырып, Сенат депутаттары ұялы байланыс үшін төленетін мөлшерлемені 90%-ға төмендету туралы түзетулер енгізуді ұсынды. Мұндай жеңілдікті алу үшін байланыс операторлары үнемделген қаражатты ауылдар мен өзге де елдімекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобаларын қаржыландыруға жұмсауға тиіс.


Соңғы жаңалықтар