+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Ауылдағы мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгерту ұсынылды

2020 жылғы 4 маусым 14:21
Бөлісіңіз:
Ауылдағы мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгерту ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауылдарда мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгерту ұсынылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

«Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайту мәселесі үнемі назарда. PISA рейтингі арқылы тек ауыл мен қала емес, өңір мен өңір арасындағы үлкен алшақтықты көріп отырмыз. Бұл, әрине, кешенді шара қабылдауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың қашықтығын айтқанда, ең алдымен мұғалім тапшылығы мәселесі көрінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы тиісті тапсырма беріп, ауылда істейтін мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгертуді ұсынды. Бұл неге маңызды? Өйткені, білім саласында бір ставка - 18 сағат. Ал шағын жинақталған мектептерде 18 сағат болмайды, бір сынып екінші сыныппен қосылып оқиды немесе бала саны аз. Сондықтан да, 4-6 сағат үшін мұғалім ауылға бармайды. Мұғалім болмағасын, білім сапасы да болмайды», - деп түсіндірді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.

Министрдің айтуынша, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою үшін басқа шаралар қолданылады. Соның ішінде бірнеше жақын пәннің мұғалімдерін даярлау, еңбекақы жүйесін өзгерту, оқу-материалдық базаны нығайту, сапалы интернетпен қамтамасыз ету шаралары қолға алынып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT