Ауылдағы мәдениет үйі 30 жылдан кейін жөнделіп жатыр - Семей

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей маңындағы Қайнар ауылындағы 30 жыл жөнделмеген мәдениет үйінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен қала әкімі Ермак Сәлімов танысты. 1986 жылы пайдалануға берілген ғимаратта мәдениет үйі, орталықтандырылған  кітапхана жүйесі,  музыка мектебі орналасқан.

«Екі қабатты ғимараттың   төбесіндегі шатырды толықтай ауыстыру үшін  2017  жылы  5 миллион  900 мың теңге, өрт оқиғаларының  алдын алу үшін дабыл қондырғысын орнатуға 2 миллион 800 мың теңге бөлінді. Ал 2018 жылы ғимараттың ішкі  жұмыстарына,  электр желілерін ауыстыруға,  300 адамға арналған  сахнаны  жаңартуға, басқа да жөндеу жұмыстарына  18 миллион теңге және  506 мың теңге бейнекамералар орнату үшін бөлінген болатын. Бүгінгі күні жұмыстар қызу жүріп жатыр»,- әкімдік делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

null Мәдениет үйінің директоры  Құдайберген Тұрысбеков  қала басшысына  жөндеу жұмыстарының  барысымен таныстырып, барлық жұмыстар кесте бойынша сапалы жүріп жатқанын айтты.

Айта кетсек, ауыл Мәдениет үйінде 12 үйірме, «Қайнар» халықтық  театры,  «Қайнар» ән-би ансамблі  және  жастарға арналған  «Мейзек» шығармашылық орталығы жұмыс істейді.  Қажетті барлық музыкалық аппаратурамен, сахналық киімдермен, музыкалық аспаптармен жабдықталған. Барлығы  20 адамды жұмыспен қамтып отыр.  

Соңғы жаңалықтар