Ауылдағы кәсіпорындар пайдаланатын интернетке субсидия берілмек

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Келер жылы еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін интернетті субсидиялауға 1 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті бұйрық келісу және бекіту кезеңінде тұр. Осының аясында интернет тартқысы келетін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялауға мүмкіндік жасалады. Яғни, олар шалғайда тұрса да, белгілі бір өнім өндіретін болса, олар осы интернетті өндірістік мақсатта пайдалануы үшін Үкіметтен тиісті субсидия алуға құқылы», - деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Осы орайда ол 2023 жылы бұл бағытта 1 млрд теңгені игеру жұмсалып отырғанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кейінгі кезде Қазақстанда байланыс саласына салынған инвестиция азайып келеді.

Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар