Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың әлеуметтік мәні зор - Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасының әлеуметтік мәні зор. Біз ауыл тұрғындарының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы айтып отырмыз. Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда, бұл – атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі.

Сондықтан, жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

Президент медициналық жәрдемнің жеделдігі мен жүрек-қан тамырларлары ауруларына тоқталды.

«Алтын сағат» қағидасын бекер ұстанбайды – науқасты жабдықталған ауруханаға неғұрлым тез жеткізсе, оның өмірін сақтап қалуға соғырлым мүмкіндік мол.

Бұл бастама қанайналым жүйесінің ауруы салдарынан адам шығынын азайтуға айрықша тиімді әсер етеді деп үміттенеміз. Еліміздегі азаматтардың 35 пайызы осы аурудан көз жұмады.

Қазақстанда ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, инсульт пен инфаркттан 2 есе көп қайтыс болады. Тіпті, жастарымыз да қайтыс болып жатыр. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді ауруханалар желісі – ұлт саулығына қосылған зор үлес әрі тиімді шешім», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар