Ауылдағы білім сапасы: 5000 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин мектептердегі жөндеу жұмыстарына қатысты сенатордың сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылда білім беру сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5000 мектепке жаңғырту жүргізу жоспарлануда, бұл ауыл мектептерінің 95%-ы. 2021 жылы 5000 мектептің 1015-і, 2022 жылы - 1003 мектеп, 2023 жылы - 994 мектеп, 2024 жылы - 994 мектеп, 2025 жылы - 994 мектеп жаңғыртылатын болады», - делінген Үкімет басшысының сауалға берген жауабында .

Оның айтуынша, барлығы 5000 мектепті жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 51,4 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Ауыл мектептерін жаңғырту күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді, мектептерді пәндік кабинеттермен, мектеп жиһазымен жарақтандыруды, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғыртуды, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді қамтиды.

«Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, мектеп құрылысының жаңа моделін бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған мектеп құрылысына қажеттілікке егжей-тегжейлі талдау жүргізді, сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған 800 мектеп құрылысының жоспар-кестесін әзірледі», - деді А. Мамин.

Айта кетейік, биыл қазан айында сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізу проблемасын айтты.



Соңғы жаңалықтар