Ауылдағы балалар алаңы өртеніп кетті - Атырау облысы

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауылдағы балалар алаңы өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт кеше, 25 тамызда Жылыой ауданындағы Жаңақаратон кентінде тұтанған.

Тұрғындардың айтуынша, балалар алаңы 2019 жылы пайдалануға берілген. Онда өзге осындай алаңдарда кездеспеген ерекше үлгідегі кемелер орнатылған.

«Жаңақаратон кентінде орналасқан балалар ойын алаңының өртенуіне байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», -деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір өрттен келген шығын көлемі анықталуда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 12 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар