Ауылда жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді - Атырау облысы

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылында тұңғыш Президент күніне орай жаңа мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда Тұңғыш Президент күнін тойлау Жаңаталап ауылындағы 200 орындық мәдениет үйін пайдалануға беруден басталды. Нысан әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру аясында салынған.

Жаңа ғимаратта әкімшілік-техникалық орындар, үлкен аудитория, көрермен залы, грим бөлмесі, әртістер бөлмесі, кітапхана мен касса бар. Екінші қабатта кеңселер мен көркемдік және үйірмелерге арналған шеберханалар орналасқан.null

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасановтың айтуынша, жаңа мәдениет үйі Атырау ауылдық округі үшін өте қажет болды, себебі жергілікті мәдени іс-шараларды өткізетін орын жоқ.

«Тұрғындар бұл күнді көптен күтті және баршамыздың қуанышымызға орай бұл күн туды. 200 орындық жаңа мәдениет үйі Елбасының «Рухани Жаңғыру» мақаласы аясында салынды. Осы орайда облыстағы бірқатар әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетіп жүрген, нысан құрылысын салуға демеушілік көрсеткен «NCOC» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да серіктестігіміз жалғасады деп сенеміз»,-дейді Полымбет Хасанов.null

Айта кетейік, 4000-нан аса тұрғыны бар Атырау ауылдық округінде бұған дейін бірде-бір мәдениет үйі болмаған. Биылғы жылы округте қос мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар