Ауылда тұратын 330 әйел бизнеске арналған несиені алу жолдарын меңгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ауыл әйелдеріне несиеге қол жеткізу рәсімдерін үйрету қолға алынып жатыр. Бүгінге дейін 7 өңірде 330 әйел оқытылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біртіндеп әйелдердің еңбегін қорғау, олардың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде және корпоративтік саларға қатысуын қамтамасыз ету шараларын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы отбасы және бала институтын қолдау, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны жедел қатаңдату қажеттігі туралы тапсырма берді. Президенттің алға қойған тапсырмаларын толық және сапалы жүзеге асыру үшін біз де өз тарапымыздан күш салуымыз керек», - деді ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төррайымы Гүлшара Әбдіқалықова.

Комиссия отырысында осы аталған бағыттар бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, алда тұрған міндеттер сараланды. Соның ішінде ауыл әйелдерін несие құралдарына қол жеткізуге бағыттауға арналған оқыту бағдарламасы туралы жағымды пікірлер айтылды.

Азия даму банкінің техникалық қолдауымен 7 өңірде 330 әйел аталмыш курстан өтіп, кооперация және еңбек нарығына қажетті кәсіптер бойынша білімін жетілдірген. Отырыста гендерлік бюджеттеуді енгізу мәслесі де қаралды. Комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова аталмыш мәселе бойынша мемлекеттік орган өкілдерінен бірқатар тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар