Ауылда сұйық май қалаға қарағанда көп тұтынылады – статистика

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қала тұрғындары күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған. Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады», - делінген ведомство мәліметінде.

Биылғы қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Сонымен қатар, статистика мәліметтеріне сүйенсек, ө ңірлер арасында майдың ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелсе, ең арзан баға Өскемен қаласында литрі үшін 743 теңге.


Соңғы жаңалықтар