USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы

2021 жылғы 4 желтоқсан 11:29
Бөлісіңіз:
Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарыөзек ауылында 250 орындық өнер мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үшінші тоқсан басталғаннан бері 145 оқушы коронавирус жұқтырды-Ақмола облысы Биыл Теміртауда апатты жағдайда тұрған бірқатар оқу орындары жөндеуден өтеді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына карантин мерзімі бойынша өзгерістер енгізілді

Сарыөзек ауылында 4,5 мыңдай оқушы болса, солардың 3 мыңы осы өнер мектебіне келетін болады. Жаңа шаңыраққа облыс бюджетінен 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл жерде оқушылар бейнелеу өнеріне машықтанып, би билеп, түрлі аспаптарда ойнап үйренеді.

«Осы өнер мектебіне келгеніме қуаныштымын. Мен бұл өнер мектебіне бейнелеуден қатысамын. Мектепке суретті салуды жақсы көргендіктен келдім. Осы өнер мектебінде өзімнің бағымды сынап көрейін деп келдім», - деді оқушы Айзере Зуфар.

Сарыөзек ауылында ашылған өнер мектебі дарынды балалардың талабын шыңдайтын өңірдегі 40-шы шаңырақ. Өнер мектебі 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтыды. Олардың жартысынан астамы мұғалім. Ұстаздар өздерінің өнерін ата-аналар алдында паш етіп, өздерінің кіл мықты маман екенін көрсетті.

«Осы 40 мекемеге 2 млрд теңге қаражат салып отырмыз. Ендігі жылы кәсіпкерлерді шақырсақ, онда тағы екі млрд сонымен 4 млрд осы қосымша білім беру ұйымдарына беріп отырмыз. Бұл үлкен көрсеткіш, үлкен жақсылық деп ойлаймын»,- деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова.

Жуырда дәл осындай өнер мектебі Райымбек ауданында да ашылмақ. Жалпы облыс бойынша оқушылардың 71 пайызы қосымша білім беру мекемелерінде тәлім алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT