Ауылда 10 мың адамға бір ғана педиатр қызмет көрсетеді - Тасмағамбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов педиатрларды даярлау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгінде педиатрия факультеттерін қайта ашу қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен.

«Бүгінде бала денсаулығын қорғау саласында қордаланып қалған мәселелер де бар. 2007 жылда медициналық жоғары оқу орындары маман даярлаудың жаңа жүйесіне көшкен болатын. Осының салдарынан педиатрия факультеті жалпы медициналық бағытқа кіріп кеткен. Енді, педиатр болу үшін резидентураны бітіру керек. Сол себепті түлектер педиатрия сияқты мамандыққа көп қызықпайды», - деді И.Тасмағамбетов.

Ресми мәліметке сәйкес, 2012 жылы бес медициналық жоғары оқу орнында 742 педиатр даярланса, 2013 - 423 педиатр, ал 2014 тек 4 адам ғана педиатр болып шыққан.

«Соның салдарынан қазірдің өзінде педиатрлардың тапшылығы сезіліп отыр. 2012 жылы 10 мың адамға 4 педиатр келсе, өткен жылы аталған көрсеткіш үшке дейін азайды. Ал Атырау, Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында 10 мың ауыл xалқына бір-ақ педиатр қызмет көрсетеді. Осыған байланысты қоғам ішінде үлкен алаңдаушылық бар. Сондықтан келесі жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін ашуды ұсынамын. Тиісті тапсырма беруіңізді сұраймын», - деп атап көрсетті И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар