Ауыл тұрғыны жер жырту кезінде миномет снарядын тауып алды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны даладан миномет снарядын тауып алған.

«Дүйсенбі күні кешкісін Зеленов ауданының Мичурин ауылдық округінде, Октябрь елді мекенінен 2 шақырым қашықтықта жер жыртып жүрген механизатор артиллериялық снарядқа ұқсас затты тауып алған», делінген ведомство ақпаратында.

Арнайы тексеру шаралары барысында аталған заттың миномет снаряды (калибрі - 80 мм, ұзындығы - 32,5 см, жарылғыш басының диаметрі - 30 мм) екендігі анықталды.

Снарядты облыстық ІІД «Арлан» бөлімшесінің саперлері жарып, көзін жойды.

Соңғы жаңалықтар